Accessibility links

Учаскелік инспекторлар үй-үйді тексермек


"Терроризмге қатысы болуы мүмкін бес күдікті жойылған" оқиға орнында жүрген полиция қызметкерлері. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

"Терроризмге қатысы болуы мүмкін бес күдікті жойылған" оқиға орнында жүрген полиция қызметкерлері. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап учаскелік полиция инспекторлары өз қарамағындағы аумақтағы үйлер мен пәтерлерге тексеру жасайды деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің ресми сайтында жарияланған хабарламаға қарағанда, "Участок" деп аталатын жедел алдын-алу шараларының шеңберінде инспекторлар полицияның есебінде тұратын, азаматтық қаруы бар азаматтарды тексермек.

"Бұдан өзге олар елде жүріп-тұру тәртібін бұзған шетелдіктерді анықтайды, саяжайлар мен құрылыс орындарын, базарлар мен жалға берілетін нысандарды тексереді" деді министрлік.
XS
SM
MD
LG