Accessibility links

Грузияда бүлікшілерге қарсы операция жалғасып жатыр


Ресей-дағыстан шекарасына жақын ауданда күзетте жүрген грузин әскерилері. Грузия, 29 тамыз 2012 жыл.

Ресей-дағыстан шекарасына жақын ауданда күзетте жүрген грузин әскерилері. Грузия, 29 тамыз 2012 жыл.

Грузияның қорғаныс министрлігі мен ішкі істер министрлігінің әскерилері грузин ауылдарының ондаған тұрғынын кепілге алған бір топ бүлікшіге қарсы операциясын жалғастырып жатыр. Кейбір деректерге қарағанда, грузин-ресей шекарасына жақын орналасқан Телав ауданындағы операциядан бір бүлікші қаза тауып, екі жақтан бірнеше адам жараланған.

Грузия ішкі істер министрлігінің сайтында бүгін "белгісіз қарулы топқа қарсы операция жүріп жатқаны" туралы ақпарат шыққан. Кейбір бейресми деректер бойынша, бір топ бүлікші Лапот өзеніне жақын шатқалда Грузияның Телав ауданының ондаған тұрғынын кепілге алған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Телав ауданына ондаған әскери техника мен жүздеген солдат әкелінген. Операция жүріп жатқан ауданға премьер-министр Вано Мерабишвили шұғыл барып, барлық күштік құрылымдар басшыларымен төтенше жиын өткізді.

Грузияның Кавказ аймағы мәселелері бойынша сарапшысы Мамук Арешидзенің пікірінше, Ресеймен шекарада қалыптасқан жағдай Дағыстанда жергілікті сопылық қауым жетекшілерінің бірі Саид афанди әл-Чиркавидің өлімімен байланысты болуы мүмкін. Арешидзе осы ауданға жақын ресей-дағыстан шекарасына бірнеше күн бұрын Ресей жағынан әскери бөлімдер шоғырлана бастағанын айтады. Бірақ Азаттық радиосы Орыс қызметінің хабарлауынша, бүлікшілердің тұрғындарды кепілге алуы мен Ресей әскерилерінің шекараға шоғырлануының байланысы бар-жоғы әзірге белгісіз.
XS
SM
MD
LG