Accessibility links

Паралимпиаданың ашылу салтанаты өтті


Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты. Лондон, 29 тамыз 2012 жыл.

Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты. Лондон, 29 тамыз 2012 жыл.

Лондондағы паралимпиада ойындарын британиялық танымал физик-теоретик, ауыр науқас кесірінен мүгедектер арбасына таңылған Стивен Хокинг ашты. Салтанатты шараға үш мыңдай ерікті қатысты.

XIV Жазғы паралимпиада ойындары 29 тамыз күні Лондонда басталады. 9 қыркүйекке дейін жалғасатын жарысқа 165 елден 4200-ден астам мүмкіндігі шектеулі спортшы қатыспақ. Олар спорттың 20 түрінен тігілген 502 медальдан үміткер.

Биылғы паралимпиадалық ойындарға Қазақстан атынан суда жүзушілер Әнуар Ахметов пен Зүльфия Ғабидуллина, жеңіл атлеттер Ислам Сәлімов, Айнұр Байдулдаева, Сергей Харламов, пауэрлифтинг бойынша Әбжан Айбек пен Кәбира Асқарова қатысады.
XS
SM
MD
LG