Accessibility links

Өзбекстанда әскери блокқа қосылмау туралы заң қабылданды


Өзбекстан әскері. (Көрнекі сурет).

Өзбекстан әскері. (Көрнекі сурет).

Өзбекстан парламенті елдің ешқандай әскери ұйымға кірмеуі және ел аумағында шетелдік әскери базалардың орналасуына тыйым салуы туралы заң жобасын мақұлдады. Ел президенті Ислам Каримов ұсынған заңға енді оның өзі қол қоюы тиіс. Парламент осы заңмен бір уақытта АҚШ ұшақтарының Өзбекстан арқылы Ауғанстанға ұшуына рұқсат беретін келісімді де ратификациялады.

Жаңа заң бойынша, Өзбекстан халықаралық альянстарға қосыла алады. Бірақ ондай ұйым әскери блокқа айналып жатса, одан шығып кетуге хақы бар. Өзбекстан әскерилері енді бұған қоса шетелдерде өтетін бейбітшілік сақтау миссияларына да қатыстырылмайды. Заңда Өзбекстанның көршілес мемлекеттерде болуы мүмкін қақтығыстарға саяси, экономикалық және басқа да шаралар арқылы араласпайтыны да айтылған.

Өзбекстан биыл маусымда құрамына Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан кіретін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шығып кетті. Ұйым хатшысы Николай Бордюжа "Ташкенттің бұл шешімінің өзіне кері әсері зор болады" деді сол жолы.
XS
SM
MD
LG