Accessibility links

Тәжікстанда "Жамаат Ансарулла" мүшелерін" соттап жатыр


"Жамаат Ансарулла" мүшесінің Тәжікстан азаматтарын жиһадқа шақырған видеоролигі. 18 қыркүйек 2011 жыл.
"Жамаат Ансарулла" мүшесінің Тәжікстан азаматтарын жиһадқа шақырған видеоролигі. 18 қыркүйек 2011 жыл.
Тәжікстаның жоғарғы сотында "Жамаат Ансарулла" ұйымына қатысы бар деген айыппен 15 адамның үстінен сот басталды.

"Жамаат Ансарулланың" мүшесі" делінген адамдарға қатысты сот бұл ұйымға мамыр айында тыйым салынғалы бері алғаш рет өтіп отыр. Сот жабық деп жарияланған. Айыпталушылардың көбі өткен жылы Рашт ауданында антитеррористік операция барысында ұсталған.

"Жамаат Ансарулла" 2011 жылы Тәжікстан азаматтарын жиһадқа шығуға және елде шариғат заңдарын орнатуды қолдауға шақырған видеоролик жариялаған соң белгілі болған.

2000 жылдан бері Тәжікстанда оннан астам исламшыл топтың қызметіне тыйым салынды. Олардың арасында "Әл-Қаида", Талибан, Өзбекстанның ислам қозғалысы, "Хизб-ут-Тахрир" және "Таблиғи Жамағат" ұйымдары бар.
XS
SM
MD
LG