Accessibility links

АҚШ-тың Луизиана штатынан 60 мың адам көшірілмек


Суда қалған үй мен көлік. Луизиана, 30 тамыз 2012 жыл.

Суда қалған үй мен көлік. Луизиана, 30 тамыз 2012 жыл.

АҚШ-тың Луизиана штатының билігі бейсенбіде тропикалық "Айзек" дауылынан көршілес Миссисипи штатындағы Тангипахоа бөгетінің бұзылатынына байланысты 60 мың адамды көшіруге шешім қабылдады.

Луизиана штатының губернаторы тұрғындарды эвакуациялауға автобустар жіберді. Бейсенбіде дауылдан туған желдің жылдамдығы сағатына 72 шақырымға жетті.

"Айзек" дауылы бұған дейін Гаити, Куба және Доминиканға соғып, су тасқынын тудырған.
XS
SM
MD
LG