Accessibility links

Дүниежүзілік банк: Азық-түлік бағасы 10 пайызға қымбаттады


Дүниежүзілік банктің басшысы Джим Ен Ким.

Дүниежүзілік банктің басшысы Джим Ен Ким.

АҚШ пен Шығыс Еуропада болған аптап ыстық шілдеде әлемде азық-түлік өнімдерінің бағасын 10 пайызға қымбаттатты деп мәлімдеді Дүниежүзілік банк.

Дүниежүзілік банктің дерегі бойынша, бағаның қымбаттауына жүгері мен соядан алынатын өнімнің азайып кетуімен байланысты. Бірақ күріштің бағасы 4 пайызға арзандаған.

Банк басшысы Джим Ен Кимнің айтуынша, азық-түлік бағасының қымбаттауы миллиондаған адамның денсаулығына кері әсер етеді.

Бағаның қымбаттауы ең алдымен Тапяу Шығыс пен Африка елдеріне қатты әсер етеді. Дүниежүзілік банк бұл аймақтардағы елдерге жыл сайын көмек көрсетіп отырады.
XS
SM
MD
LG