Accessibility links

Пәкістанда экстремистік топ жетекшісі ұсталды


"Лашкар-э-Джангви" тобының жетекшісі Малик Исхак. 14 шілде 2011 жыл.

"Лашкар-э-Джангви" тобының жетекшісі Малик Исхак. 14 шілде 2011 жыл.

Пәкістанда тыйым салынған "Лашкар-э-Джангви" сүнниттік экстремистік тобының жетекшісі Малик Исхак тұтқындалды.

Оған "басқа діни қауымдарға қарсы өшпенділік тудырып, қылмыс жасады" және "2009 жылы Шри-Ланка спортшыларына жасалған шабуылға қатысы бар" деген айып тағылып отыр.

Пәкістан полициясы Исхактың Сауд Арабиясына қажылыққа барып қайтқан бетінде Лахор қаласында ұсталғанын айтады.

Пәкістан үкіметі "Әл-Қаидамен" байланысы бар делінетін "Лашкар-э-Джангви" тобын 1990 жылдардан бері құрбан болған жүздеген мұсылман шииттердің қазасына кінәлі деп біледі.
XS
SM
MD
LG