Accessibility links

Қырғызстанда жаңа үкімет құрылмақ


Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Өмірбек Бабанов. Бішкек, 23 шілде 2012 жыл.
Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Өмірбек Бабанов. Бішкек, 23 шілде 2012 жыл.
Бүгін, Қырғызстан парламентінің кезекті сессиясы ашылатын күні ресми түрде жаңа басқарушы коалиция мен үкімет құрыла бастайды.

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, басқарушы коалицияға Социал-демократиялық партия, Феликс Куловтың "Ар-Намыс" партиясы және социалистік "Ата-Мекен" партиясы кіреді. Фракциялар премьер-министр қызметіне президент аппаратының жетекшісі, социал демократ Жантөрө Сатыбалдиевті ұсынды.

Жантөрө Сатыбалдиев 1990 жылдардан бері Қырғызстан үкіметінде істеп келеді. Ол көбінесе Ош облысының губернаторы болды, Ош пен Жалал-Абад облыстарын қалпына келтіру дирекциясын басқарды.

Өткен аптада парламенттегі басқарушы коалиция ыдырап, Қырғызстан тәуелсіздік алғалы қызмет атқарған 23-премьер-министр болған Өмірбек Бабановтың үкіметі отставкаға кеткен.

Жаңа үкімет жасақталғанша премьерлік міндеті оның орынбасары Аалы Қарашаевқа уақытша тапсырылды.
XS
SM
MD
LG