Accessibility links

МТС: Өзбекстан "Уздунорбита" активтерін тәркілеп жатыр


МТС компаниясының логотипі. (Көрнекі сурет).

МТС компаниясының логотипі. (Көрнекі сурет).

Ресейдің ірі ұялы байланыс операторы МТС компаниясы еншілес "Уздунорбит" компаниясының активтерін Өзбекстан билігі тәркілеп жатқанын хабарлады. МТС таратқан мәлімдемеге қарағанда, Ташкенттің сот департаменті елдің бас прокуратурасынан осындай қаулы алған.

Өткен аптада компания Өзбекстан аумағында қызмет ету лицензиясынан айырылғаннан кейін бір миллиард доллардан астам қаржы шығынға батқанын айтқан. Өзбекстан үкіметі "МТС" компаниясын салық төлеуден жалтарды және техникалық талаптарды орындамады деп айыптаған. Осыған байланысты "Уздунорбитаның" төрт қызметкеріне айып тағылған.

Ал МТС өз қызметкерлеріне тағылған айыпты заңсыз деп санайды. Компанияның вице-президенті Майкл Хеккер компанияға қарсы әрекеттердің мақсаты - "Уздунорбитаның" бизнесін тартып алу және мүлкін заңсыз иелену деп санайды.

Ресми Ташкент компания активтерінің тәркіленгеніне қатысты әзірге түсінік берген жоқ.
XS
SM
MD
LG