Accessibility links

Саркисян: Қажет болса, Армения соғысуға дайын


Армения президенті Серж Саркисян.

Армения президенті Серж Саркисян.

Армения президенті Серж Саркисян Ереванның соғысқысы келмейтінін, бірақ "Әзербайжан тарапы соғысуға итермелесе", оған дайын екенін және жеңіп шығатынын мәлімдеді.

Оның мәлімдемесі Әзербайжан территориясында армяндар басым тұратын Таулы Қарабах аймағының тәуелсіздік жариялаған күнімен сәйкес келді. Таулы Қарабах аймағының Армения мен Әзербайжан арасында территориялық дауға айналғанына 30 жыл болды.

Бірнеше күн бұрын Әзербайжанда армян сарбазын өлтіргені үшін сотталған Рамиль Сафаровқа рақымшылық жасалып, әскери шені көтерілді. Сафаров 2004 жылы Венгриядағы НАТО жаттығуы кезінде армян сарбазын өлтірген еді.

Өткен сенбіде жүздеген армян Сафаровтың Әзербайжанға экстрадициялануына байланысты Еревандағы Венгрия елшілігінің алдында наразылық акциясын өткізді.
XS
SM
MD
LG