Accessibility links

Пәкістанда АҚШ дипломаттарына шабуыл жасалды


Жарылыстан жараланған адамды әкетіп барады. Пәкістан, Пешавар. (Көрнекі сурет).
Жарылыстан жараланған адамды әкетіп барады. Пәкістан, Пешавар. (Көрнекі сурет).
Пәкістанның Пешавар қаласында бүгін АҚШ консулдығының екі қызметкерлеріне шабуыл жасалып, екі адам қаза тапты. Бес адам жараланды.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, мина жасырылған көлік дипломатиялық өкілдік аумағынан шығып келе жатқан консулдықтың көлігіне соқтығысқан.

Полиция жараланғандардың арасында шетел азаматтары да барын айтады. Қаза тапқандардың аты-жөні әлі белгілі болған жоқ.

Американың Пәкістандағы елшілігі оқиғаны бақылауына алатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG