Accessibility links

Атабаев Германияда құжаттарын ұрлап кеткенін мәлімдеді


Саясаткер Болат Атабаев. Германия, 27 тамыз 2012 жыл.

Саясаткер Болат Атабаев. Германия, 27 тамыз 2012 жыл.

Саясаткер, режиссер Болат Атабаев 3 қыркүйек күні Германиядағы Кельн вокзалынан жүрейін деп тұрған жедел пойыз ішінде жеке басын куәландыратын құжаттары қолды болғанын хабарлады. Бұл туралы ол Facebook желісінде құрылған "Қазақстандағы саяси тұтқындарды босатуға" шақыратын қауымдастықтың парақшасына мәлімдеме жазып қалдырды.

Болат Атабаевтың жазуынша, жексенбі күні таңертең қонақ үйден шығарында "өзін төңіректеп жүрген екі жігітті байқаған". Вокзалға жетісімен пойыз вагонындағы орнына жайғасқан соң жаңалықтар оқып отырған. Аздан соң қасына қойған құжаттар салынған сөмкесі ғайып болған.

Атабаев: "Қарсы алдымда әке-шешесімен бірге отырған қыз екі жігітті көргенін, олардың вагоннан тез шығып кеткенін айтты" деп жазады.

Саясаткер құжатын ұрлатып алғанын полицияға хабарлағанын, бірақ Қазақстанның елшілігімен әлі сөйлесе алмай отырғанын мәлімдеді.

Болат Атабаевқа тамыздың 28-і күні Германияның Веймар қаласында Гете сыйлығы ресми түрде табыс етілген еді.
XS
SM
MD
LG