Accessibility links

Түркияда күрд жасақтарымен атыстан 29 адам қаза тапты


Түркияның Иракпен шекарасын қарауылдап жүрген түрік әскерилері. (Көрнекі сурет).

Түркияның Иракпен шекарасын қарауылдап жүрген түрік әскерилері. (Көрнекі сурет).

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Сирнак провинциясында күрд көтерілісшілері қауіпсіздік қызметінің гарнизонына шабуыл жасап, 9 әскери қызметкер қаза тапты.

Провинция губернаторы Вахдеттин Озканның айтуынша, қарулы көтерілісшілер дүйсенбіге қараған түні Бейтуссебап базасына шабуылдаған. Ол көтерілісшілер жағынан қанша адамның оққа ұшқанын айтпады. Бірақ жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қақтығыста 20 көтерілісші қаза тапқан.

Түркияның оңтүстік-шығысында үкімет күштері мен Күрд жұмысшы партиясының жауынгерлері арасындағы күрес 1984 жылдан бері жалғасып келеді. Осы уақыт аралығында он мыңдаған адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG