Accessibility links

Қырғызстанда парламенттік коалиция құрылды


Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Өмірбек Бабанов.
Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Өмірбек Бабанов.
Қырғызстанда үш саяси партия парламенттегі жаңа басқарушы коалицияны құруға келісті. Социал-демократиялық партия, "Ар-Намыс" және "Ата-Мекен" партиялары дүйсенбіде бұл туралы келісімге қол қойып, парламенттегі 120 орынның 69-ына ие болды.

Үш партия президент аппаратының жетекшісі Жантөрө Сатыбалдиевті елдің жаңа премьер-министрі етіп тағайындауды қолдап дауыс берді.

Президент Алмазбек Атамбаев өткен аптада бұрын өзі басқарған Социал-демократиялық партияға жаңа коалиция құруды тапсырған еді.

Өткен аптада парламенттегі басқарушы коалиция ыдырап, Қырғызстан тәуелсіздік алғалы қызмет атқарған жиырма үшінші премьер-министр болған Өмірбек Бабановтың үкіметі отставкаға кеткен.
XS
SM
MD
LG