Accessibility links

Рақымшылық жасаған Ильхам Әлиев сынға ұшырады


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев. 16 маусым 2012 жыл.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев. 16 маусым 2012 жыл.

Халықаралық қауымдастық тарапынан Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке айтылып жатқан сын күшейе түсті. Бұл жағдай Әлиевтің 2004 жылы Венгрияда өткен НАТО әскерлерінің оқу-жаттығуы кезінде армян солдатын өлтірген офицер Рамиль Сафаровқа рақымшылық жасауымен байланысты болып отыр.

Әлиевтің бұл рақымшылығына Европа Одағы, Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Минскідегі кеңсесі, АҚШ, Ресей, Венгрия үкіметтері наразылық білдірді.

Венгрия тарапы Сафаровты отанына Әзербайжан үкіметінің оған қатысты шыққан үкімді орындайтыны туралы уәдесінен кейін ғана, 31 тамызда қайтарып бергенін мәлімдеді. Алайда Әзербайжанға тапсырылған соң Сафаровқа бұл елдің президенті рақымшылық жасады.

Ал Армения Венгриямен дипломатиялық қарым-қатынастарын тоқтататынын мәлімдеп, ресми қарсылық жариялады.
XS
SM
MD
LG