Accessibility links

Журналистер Януковичке қарсылық білдірді


Украина президенті Виктор Янукович. Киев, 9 мамыр 2012 жыл.
Украина президенті Виктор Янукович. Киев, 9 мамыр 2012 жыл.
Он шақты украиналық журналист қыркүйектің 3-і күні ел президенті Виктор Януковичке қарсы акция өткізді. Олар президент сөз сөйлеген уақытта орындарынан тұрып, Украинадағы цензураға қарсы ұрандар жазылған плакаттар көтерген.

Бұл оқиға Киевте өткен бүкіләлемдік газеттер конгресінде болды. Ақпараттар бойынша, Янукович бұл қарсылық акциясына мән бермеген.

Украина президентінің әкімшілігі болған оқиғаға қатысты әзірге қандай да бір пікір білдірген жоқ.

Ақпарат құралдары саласындағы бақылаушылар Янукович билікке келген 2010 жылдан бері Украинада сөз бостандығы мәселесі нашарлап кеткенін айтады.
XS
SM
MD
LG