Accessibility links

Атырауда колонияның бұрынғы бастығы сотталды


Атыраудағы УГ 157/1 колониясы әкімшілігінің ғимараты. Көрнекі сурет

Атыраудағы УГ 157/1 колониясы әкімшілігінің ғимараты. Көрнекі сурет

Атыраудағы УГ 157/10 колониясының бұрынғы бастығы Бауыржан Дәуітәлиев жеті жылға сотталды. Оған «пара алды» деген айып тағылған.

Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевтің айтуынша, сот үкімінде Дәуітәлиевтің мүлкін тәркілеу де қарастырылған.

Ақпараттар бойынша, қаржы полициясының қызметкерлері Дәуітәлиевті сәуір айының 11-і күні қызмет орнында тұтқындаған.
XS
SM
MD
LG