Accessibility links

Қырғызстан шекара қызметінің басшылары отставкаға кетпек


Қырғыз-қазақ шекарасында жүрген қырғыз шекарашылары. (Көрнекі сурет).

Қырғыз-қазақ шекарасында жүрген қырғыз шекарашылары. (Көрнекі сурет).

Қырғыз-қазақ шекарасында таяуда болған адам өлімінен соң Қырғызстан шекара қызметінің басшысы мен оның екі орынбасары қызметінен кетуге өтініш білдірді.

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, шекара қызметінің басшысы Закир Тіленов отставкаға кету туралы өтінішті парламенттің қауіпсіздік және қорғаныс істері комитетінің жиынында білдірген. Енді оны президент мақұлдауы тиіс. Тіленовпен бірге орынбасарлары Рыскелді Мұсаев пен Таалайбек Адашпасов та қызметтен кеткен.

20 тамызда Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасына жақын таулы аймақтағы Эчкили-Таш шекара заставасында қызмет ететін сарбаз бес адамды атып, қаруын алып қашып кетті деген күдікке ілінген. Бесеудің бірі - бекет бастығы, үшеуі - қызметтес сарбаздар және біреуі - шекарашылардың бірінің әйелі.

Күдікті сарбаздың өзін 21 тамызда құқық қорғау органдары "қолға түсіру кезінде қарсылық көрсеткендіктен атып тастағандарын" айтқан.
XS
SM
MD
LG