Accessibility links

Қазақстан Қытай, Ресей, Өзбекстаннан қарызға газ алады


Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

Қазақстан Қытай, Ресей және Өзбекстаннан қарызға 1,2 миллиард текше метр газ алады деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевқа сілтеме жасап.

Үкімет отырысында Мыңбаев биыл қыста қажетті 1,2 миллиард текше метр газды Қытай, Ресей және Өзбекстаннан сатып алуға келісім жасалғанын айтты.

"Өткен қыс мезгілінде 800 миллион текше мет газ тұтындық. Оның қарызын қараша айына дейін төлеп тастау туралы "Газпроммен" келісім жасастық" деді Сауат Мыңбаев.
XS
SM
MD
LG