Accessibility links

Бахрейнде 20 оппозиция белсендісі сотталды


Бахрейнде үкіметке қарсы шеруге шыққандар. Будайя провинциясы, 13 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Бахрейнде үкіметке қарсы шеруге шыққандар. Будайя провинциясы, 13 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Бахрейннің азаматтық соты "монархияға қарсы астыртын әрекет етті" деп айыпталған 20 оппозиция белсендісіне қатысты әскери сот шығарған үкімді бекітті.

Үкім шыққан 20 адамның 8-і өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілді. Олардың бірі - адам құқықтары үшін күресуші Абдулхади әл-Хавайя үкімге наразылық ретінде 110 күннен бері аштық жариялап келеді.

Өткен жылы Бахрейнде өткен сүнниттік король билігіне қарсы толқуларға елде азшылықты құрайтын мұсылман шииттердің көрнекті өкілдері де қатысқан еді. Бахрейндегі жағдай басқа араб елдеріндегі оқиғаларға байланысты халықаралық қауымдастықтың назарына да іліккен.

Бахрейнде АҚШ-тың бесінші әскери теңіз флоты орналасқан.
XS
SM
MD
LG