Accessibility links

Ресей тәжік мемлекеттік қызметкерлеріне орыс тілін үйретеді


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 15 мамыр 2012 жыл.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 15 мамыр 2012 жыл.
Ресей Тәжікстанның арнайы қызмет мамандарына орыс тілі курсын оқытатын болды.

Ресейдің ТМД бойынша федералдық агенттігінің хабарлауынша, Тәжікстан бас прокуратурасының 20 қызметкері орыс тілін үйренуге ықылас танытқан. Бұдан өзге, қорғаныс министрлігі, президент әкімшілігінің қызметкерлері мен полицейлер де орыс тілін үйренуге ынта білдірген.

Шілде айында Ресей тәжіктің Соғды облысының мектептеріне орыс тілі пәнінің 200 мұғалімін жіберген еді.
XS
SM
MD
LG