Accessibility links

"Білім" телеарнасы іске қосылды


Бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Білім" телеарнасын іске қосты деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Назарбаев телеарнаны Nazarbayev университетінде республиканың бірнеше университетінің студенттеріне арналған интерактивті дәріс кезінде ашты.

Телеарна халықтың білім деңгейін көтеру, кәсіби біліктілікті арттыру, ұстаздарға әдістемелік кемек көрсету, мемлекеттік тілдің дамуын жеделдетуді мақсат тұтады.

Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар таратады. Алғашқы кезде телеарна ұлттық «Отау ТВ» спутниктік жүйесі және сандық эфирлік телехабар тарату желілері арқылы тарамақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG