Accessibility links

Атыраудағы жарылыстан бір адам қаза тапты


Жарылыс болған маңдағы үй. Астана, 24 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Жарылыс болған маңдағы үй. Астана, 24 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Атырау қаласындағы Құспан молда мешіті маңындағы жеке меншік үйлердің бірінде жарылыс болды.

Азаттық тілшісімен сөйлескен Атырау облысының бас имамы Амантай Садиевтің айтуынша, оқиға шамамен сағат 13:00 шамасында болған. Бұл жағдай туралы бас имамға Құспан молда мешітінің имамы Эмат Гумаров хабарлаған.

- Құспан молда мешіті маңындағы Совет көшесі бойындағы жеке меншік үйлердің сарайын жалдап тұратын 1991 жылғы ер адам белгісіз жағдайда жарылыс жасаған. Бірақ оның дінмен байланысы жоқ, - деді Атырау облысының бас имамы Амантай Садиев.

"Интерфакс-Казахстан" агенттігі өзіне мәлім дерек көзіне сілтеме жасай отырып, жарылыс болған жерден жас жігіттің мәйіті табылғанын хабарлады. Агенттіктің айтуынша, жарылыс Молдағұлова көшесіндегі техникалық қызмет көрсету станциясының ауласында болған.

Жергілікті "Ақ Жайық" сайты облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтароваға сілтеме жасай отырып, жасанды жарылғыш заттан қаза тапқан адамның аты-жөні Нұрлыбек Сақауов екенін хабарлады.

Қазір оқиға орнын полиция қоршап алғанын, ол маңға өрт сөндірушілер, жедел жәрдем, арнайы жасақ келіп жатыр.

Жарылыс болған аумақта бірнеше тұрғын үй, доңғалақ жөндеу шеберханасы, шаштараз бар.
XS
SM
MD
LG