Accessibility links

Беларусь Жаныш Бакиевті экстрадициялаудан бас тартты


Халықаралық іздеуде жүрген Жаныш Бакиев. Минск, 17 тамыз 2012 жыл.

Халықаралық іздеуде жүрген Жаныш Бакиев. Минск, 17 тамыз 2012 жыл.

Беларусь бас прокуратурасы Қырғызстанның экс-президент Құрманбек Бакиевтің ағасы Жаныш Бакиевті Бішкекке экстрадициялаудан бас тартатынын мәлімдеді.

Прокуратураның веб сайтында жарияланған мәлімдемеге қарағанда, ресми Минск қырғыз билігінің сұрауында "саяси астар бар" деп біледі. Мәлімдемеде "Беларусь Қырғызстанға бұл іс бойынша өз ұстанымын маусым айында-ақ білдірген" деп жазылған.

Қырғызстанда ауыр қылмыстар жасады деп айыпталып, халықаралық іздеуде жүрген Жаныш Бакиевтің тамыздың ортасында Минскіде түсірілген суреті интернетте пайда болған еді. Ағайынды Бакиевтердің екеуі де 2010 жылы сәуірде болған халық толқулары кезінде шерушілерге қарсы оқ атылуына қатысы бар деп айыпталып, сырттай сотталған.
XS
SM
MD
LG