Accessibility links

Қырғызстанда жаңа үкімет жасақталды


Қырғызстанның премьер-министрі Жантөрө Сатыбалдиев.
Қырғызстанның премьер-министрі Жантөрө Сатыбалдиев.
Қырғызстан парламенті сәрсенбіде президент аппаратының жетекшісі Жантөрө Сатыбалдиевті елдің жаңа премьер-министрі етіп бекітті. Сатыбалдиевтің кандидатурасын парламенттегі 120 депутаттың 111-і қолдап дауыс берді. Жаңа премьермен бірге үкімет құрамы да анықталды.

Сатыбалдиев өткен жылдың желтоқсанынан бері президент аппаратын басқарып келді. Жаңа премьер Қырғызстанды қыс маусымынан алып шығуды бірінші басымдығы етіп жариялады. Қырғызстан үнемі қыс айларында электр қуатынан тапшылық көреді.

Жантөрө Сатыбалдиев өткен айда парламенттегі басқарушы коалиция тарап, отставкаға кеткен премьер Өмірбек Бабановтың орнына келді.
XS
SM
MD
LG