Accessibility links

Шетпеліктердің кассациялық шағымы өзгеріссіз қалды


Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушылар, сот залы. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушылар, сот залы. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Маңғыстау облыстық сотының кассациялық алқасы Шетпедегі оқиға бойынша сотталған 12 шетпелік азаматтың үкімге берген кассациялық шағымын қанағаттандырмай тастады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлады.

Шетпеде 2011 жылы 17 желтоқсанда болған оқиға бойынша қылмыстық іске қатысты 12 адам сотқа тартылған. Оларға "тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген тұрғыда түрлі айып тағылған еді. Сот 12 адамның алтауын рақымшылық заңымен босатып, біреуін ақтады. Қалған 5 адамды 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімдерге соттаған.
XS
SM
MD
LG