Accessibility links

Түркіменстан Каспий теңізінде әскери жаттығу өткізді


Каспий теңізінде жаттығу өткізіп жүрген Түркіменстан әскери теңіз күштерінің тікұшағы мен кемесі. 5 қыркүйек 2012 жыл.
Каспий теңізінде жаттығу өткізіп жүрген Түркіменстан әскери теңіз күштерінің тікұшағы мен кемесі. 5 қыркүйек 2012 жыл.
Түркіменстан Каспий теңізінде тұңғыш рет әскери теңіз күштерінің антитеррористік жаттығуын өткізді. Түркіменстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің орасан зор көмірсутегі қоры бар делінетін бір бөлігіне иелік етуге біраздан таласып келеді.

Әскери теңіз жаттығуы сәрсенбіде Түркіменстанның батысындағы Түркіменбашы теңіз портында болды. Жаттығуда кемелер мен мұнай өндіретін зауыттарға жасалатын шабуылдарға тойтарыс беруге мән берілді.

Маусымда екі ел бір-бірін арандатушылық жасады деп айыптап, теңіз табанындағы мұнай қорына ие екендерін білдіре бастаған. Теңіздің ол тұсын Әзербайжан Капаз деп атаса, Түркіменстан Сердар деп атайды. Сарапшылардың болжамынша, теңіздің бұл бөлігінде 50 миллион тоннадан асатын мұнай қоры бар.

Каспий теңізімен шектесетін Ресей, Иран, Қазақстан, Түркіменстан және Әзербайжан арасында теңіз түбін бөлу мәселесі 1991 жылы СССР ыдыраған соң-ақ басталған.
XS
SM
MD
LG