Accessibility links

Дағыстанда халық жасақтары құрылмақ


Дағыстан республикасының президенті Магомедсалам Магомедов.
Дағыстан республикасының президенті Магомедсалам Магомедов.
Дағыстан республикасының президенті Магомедсалам Магомедов полицияның қоғамдық тәртіпті сақтауына көмектесетін халық жасақтарын құру туралы жарлыққа қол қойды. Халық жасақтары 15 қазанға дейін құрылуы тиіс.

Жарлыққа өткен аптада жанкешті террористің өзін-өзі жарып, одан Дағыстандағы сопылық қауым жетекшілерінің бірі Саид Афанди Ацаев пен алты адам қаза тапқаннан кейін қойылып отыр.

Биліктің болжауынша, Ацаевқа жасалған қастандық оның кәсіби қызметімен байланысты.

Дағыстан - Солтүстік Кавказдағы қауіпті, тұрақсыз аймақтардың бірі.
XS
SM
MD
LG