Accessibility links

Прокуратура органдарында басшылық ауысты


Қазақстанның бас прокуратурасы мен бірнеше облыстың прокуратура органдарында қызметтік тағайындаулар болды деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазақстан президентінің өкімімен бас прокурордың орынбасары болып Жақып Асанов тағайындалды.

Бас прокурор аппаратының басшысы қызметіне Асқар Әмірин тағайындалды.

Бұған қоса президенттің келісімімен, бас прокурордың бұйрығына сай Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының прокурорлары ауыстырылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG