Accessibility links

Nokia тұтынушылардан кешірім сұрады


Nokia компаниясының вице-президенті Джо Харлоу жаңа Lumia 920 смартфонын таныстырып тұр. Нью-Йорк, 5 қыркүйек 2012 жыл.

Nokia компаниясының вице-президенті Джо Харлоу жаңа Lumia 920 смартфонын таныстырып тұр. Нью-Йорк, 5 қыркүйек 2012 жыл.

Финның ұялы телефон шығаратын Nokia компаниясы жаңа Lumia 920 смартфонын жарнамалау кезінде жіберген қателіктері үшін кешірім сұрады.

Компанияның жаңа смартфонын жарнамалау кезінде смартфон арқылы түсірілген секілді көрінген видеоның кәсіби видеокамерада түсірілгені әшкере болған.

Жарнама кадрларының бірінде сандық видеокамераға ұқсас құрылғы ұстаған оператордың сұлбасы көрініп қалған. Nokia ресми блогында бұл туралы "смартфонда техникалық проблемалар бар" екенін айтып, тұтынушылардан кешірім сұрады.
XS
SM
MD
LG