Accessibility links

Lufthansa қызметкерлері 24 сағаттық ереуілге шықты


Lufthansa қызметкерлері Франкфурт әуежайында ереуілге шығып тұр.Германия 31 тамыз 2012 жыл.
Lufthansa қызметкерлері Франкфурт әуежайында ереуілге шығып тұр.Германия 31 тамыз 2012 жыл.
Германиялық Lufthansa әуе компаниясының қызметкерлері жалақыны өсіруді және жұмыс сағатының сақталып қалуын талап етіп, 24 сағаттық жалпыұлттық шеруге шықты.

Ереуілге Германияның Франкфурт, Берлин, Мюнхен және тағы үш қаласының әуежайының қызметкерлері шықты. Ереуілдің салдарынан жұма және демалыс күндері 1200 рейс ұшпайтын болды.

Компания кәсіподағы ұшақ экипаждары жалақысын 5 пайызға көтеруді және жұмыс шартының сақталуын талап етіп отыр. Ал Lufthansa компаниясы қызметкерлерге жалақыны 3,5 пайызға көбейтудіі және біртіндеп жұмыс сағатын арттыруды ұсынды.

Lufthansa қызметкерлері тамыз айының соңынан бері ереуілдеп келеді. Соңғы ереуілдер ең алдымен жолаушыларға қиын тиіп отыр.
XS
SM
MD
LG