Accessibility links

Каримов Назарбаевқа жиі кездесіп тұруды ұсынды


Нұрсұлтан Назарбаевтың Ислам Каримовты әуежайдан күтіп алған сәті. Астана, 6 қыркүйек 2012 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Ислам Каримовты әуежайдан күтіп алған сәті. Астана, 6 қыркүйек 2012 жыл.
Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде Өзбекстан президенті Ислам Каримов әріптесіне жиі кездесіп тұруды ұсынды деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Кездесуде Назарбаев Каримовты және өзбек халқын 1 қыркүйекте атап өтілген Өзбекстанның тәуелсіздігі күнімен құттықтады.

"Кездесу барысында Назарбаев Қазақстанның Өзбекстанды "бауырлас ел, ізгі көрші және Орталық Азиядағы стратегиялық әріптес" деп танитынын айтып, екіжақты қарым-қатынастарды тереңдете түсуді жақтайтынын атап өтті" дейді ҚазАқпарат агенттігі.

Каримовтың айтуынша, Ауғанстаннан НАТО бітімгерлік күштерінің шығуына байланысты Орталық Азиядағы жағдай шиеленісіп барады. "Қазақстан мен Өзбекстанның тұрақтылықты нығайту мен сақтауға бағытталған ортақ қадамы мен шешімдерінің бүгінгі күнгі маңызы өте зор" деді Өзбекстан президенті.

Ислам Каримов Қазақстанға кеше келді. Астана әуежайында оны Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.
XS
SM
MD
LG