Accessibility links

Қытайда жер сілкінісінен 43 адам қаза тапты


Қытайдағы жер сілкінісінен қираған үйлер. (Көрнекі сурет)
Қытайдағы жер сілкінісінен қираған үйлер. (Көрнекі сурет)
Қытайдың оңтүстік-батысында жұма күні болған бірнеше жер сілкінісінен, соңғы деректер бойынша, 43 адам қаза тауып, 150 адам жараланды.

Қытай үкіметінің мәліметінше, жұма күні бірнеше жерасты дүмпуі тіркелген. Олардың ең қуаттысы 5,7 балл болған.

Қытайдың мемлекеттік "Синьхуа" агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінген аймақпен шектес Юнань және Гуйчжоу провинцияларында 20 мыңға тарта үй қирап, 100 мың адам басқа жаққа көшірілді. Жер сілкінісінен негізінен Юнань провинциясы көп зардап шекті. Мұнда электр желілері үзіліп, көшкін жүрді.
XS
SM
MD
LG