Accessibility links

Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы 2014 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Ирландия футболшыларымен кездесті.

Жұма күні сағат 22.00-де Астанадағы «Астана Арена» стадионында басталған ойынның 37-минутында Қазақстан құрамасының капитаны Қайрат Нұрдәулетов Ирландия командасының қақпасына допты баспен соғып кіргізді.

Алайда Ирландия футболшылары кездесудің соңына қарай екі гол соғып кетті. Матчтың 89-минутында ойын ережесін бұзғаны үшін Қазақстан қақпасына төреші тағайындаған пенальтиден Роббин Кин қарымта доп салды. Арада тағы бір минут өткенде ирландиялық футболшы Кевин Дойл тағы бір гол соғып өз командасын алға шығарды.

Қазақстанның ұлттық құрамасы келесі ойынды 11-қыркүйекте Швеция командасымен өткізеді.
XS
SM
MD
LG