Accessibility links

Қытайда зілзала құрбандарының саны 80 адамнан асты


Қытайдағы жер сілкінісінен кейін. (Көрнекі сурет)

Қытайдағы жер сілкінісінен кейін. (Көрнекі сурет)

Жұма күні Қытайда жер сілкінісінен мерт болғандар саны, соңғы деректер бойынша, 80 адамнан асқан, шенеуніктердің айтуынша, олардың саны әлі де көбейе түсуі мүмкін деп хабарлайды Ассошейтед пресс агенттігі.

Қытай үкіметінің мәліметінше, жұма күні бірнеше жерасты дүмпуі тіркелген. Олардың ең қуаттысы 5,7 балл болған.

Қытайдың мемлекеттік "Синьхуа" агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінген аймақпен шектес Юнань және Гуйчжоу провинцияларында 20 мыңға тарта үй қирап, 100 мың адам басқа жаққа көшірілген. Жер сілкінісінен негізінен Юнань провинциясы қатты зардап шеккені хабарланды.
XS
SM
MD
LG