Accessibility links

Иран үкіметі Канаданың шешімін сынады


Иран және Канада елдерінің мемлекеттік тулары.
Иран және Канада елдерінің мемлекеттік тулары.
Иранмен дипломатиялық байланысын үзетіні туралы Канаданың шешімін ресми Тегеран сынға алды.

Жұма күні Канада үкіметі Сирия президенті Башар Асадтың режиміне қолдау көрсетіп отырған Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын тоқтатып, иран елшілерін елден шығаратынын мәлімдеген еді. Сондай-ақ Оттава Иранның ядролық бағдарламасына қатысты БҰҰ-ның қарарындағы талаптарды орындамай отырғанын, Израильдің атына қоқан-лоқы жасауды жалғастырып келе жатқанын және Иранда адам құқықтарының жағдайы өте нашар екендігін атап көрсеткен.

Иран сыртқы істер мекемесінің өкілі Канада үкіметі "сионистік режимнің ықпалында отыр" деген баға беріп, бұл шешімге ресми Тегеран тарапынан "тиісті жауап болады" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG