Accessibility links

Иорданияда шеруге шыққандарды полиция ұстады


Иордания патшасы ІІ Абдолла.

Иордания патшасы ІІ Абдолла.

Иорданияның батысындағы Тафил қаласында жұма күні шеруге шыққандар мен полиция арасында қақтығыс болғаны туралы хабарланды. Куәгерлердің айтуынша, шерушілер ІІ Абдолла патшаны сынайтын ұрандар айтқаннан соң полиция оларға қарсы көзден жас ағызатын газ бен қарудан оқ атқан.

Оқиға барысында 15 адамның ұсталғанын қауіпсіздік қызметінің өкілі растаған. Оларға қоғамдық құрылыстың негізін бұзуға және бүлік шығаруға әрекет жасаған деген айыптар тағылған.

Белсенділер болса бейбіт түрде басталған шеруге полиция күші алғаш болып шабуыл жасалғанын айтады.
XS
SM
MD
LG