Accessibility links

Атырауда облыстық басқарма басшысы үйқамаққа алынды


Бауыржан Жайсанов, Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы бастығы. Ресми сайттағы сурет.
Бауыржан Жайсанов, Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы бастығы. Ресми сайттағы сурет.
Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Бауыржан Жайсанов жұма күні сот санкциясы бойынша екі ай мерзімге үйқамаққа алынды деп хабарлады қазақстандық ақпарат құралдары. Сол күні Жайсановты басқарма бастығы қызметінен босату туралы бұйрық та шыққан.

Жайсановқа Қазақстан қылмыстық кодексінің 176-бабы бойынша ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету") айып тағылып отырғаны айтылады.

1970 жылы туған Бауыржан Жайсанов былтыр Атырау облысы әкімінің шешімімен облыстық энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы болып тағайындалған.

Өткен айда Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев қызметінен босатылғаннан соң Атырау облысы әкімдігінің аты-жөні жарияланбаған шенеунігіне қатысты 3,5 миллиард теңге қаржы жымқырды деген факті бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді.
XS
SM
MD
LG