Accessibility links

Ауғанстанда жарылыстан 4 адам мерт болды


Ауған полицейлері мотоцикл мінген адамды тексеріп жатыр. Кабул. (Көрнекі сурет)
Ауған полицейлері мотоцикл мінген адамды тексеріп жатыр. Кабул. (Көрнекі сурет)
Бүгін Ауғанстанның астанасы Кабул қаласында жанкешті жасаған жарылыс салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы төртеуі жараланған.

Полицияның деректері бойынша, жарылыс Ауған киносы институты жанында болған. Ол маңда НАТО басшылығындағы халықаралық күштердің штабы, АҚШ елшілігі мен өзге де елдердің дипломатиялық өкілдіктері орналасқан.

Бұл күні Кабулда ауған үкіметінің ресми тұлғалары елдің бұрынғы қорғаныс министрі, әскери қолбасшы Ахмад Шах Масудтың қаза тапқанына 11 жыл толуына арналған шараға қатысуға жиналған еді.
XS
SM
MD
LG