Accessibility links

Lufthansa компаниясында жұмыс қайта жанданды


Lufthansa компаниясының ұшақтары. Көрнекі сурет.
Lufthansa компаниясының ұшақтары. Көрнекі сурет.
Германиялық Lufthansa әуе компаниясының тарихындағы ең үлкен ереуілден соң қызметкерлер қайтадан жұмысқа шықты.

Кеше Германияның Франкфурт, Берлин, Мюнхен және тағы үш қаласының әуежайының қызметкерлері компания басшылығынан жалақыны өсіруді және жұмыс сағатының сақталып қалуын талап етіп, 24 сағаттық жалпыұлттық ереуілге шыққан еді. Соның салдарынан жұма және демалыс күндері 1200 рейстің ұшпайтыны хабарланды.

Жұманың кешінде кәсіподақ пен әкімшілік еңбек дауын 12-қыркүйекке дейін бітімшілер арқылы шешу туралы ұйғарымға келді. Германия заңы бойынша, мұндай жағдайда ереуіл тоқтауы тиіс. Кәсіподақ басшылығы егер келісім нәтиже бермесе ереуілді қайта бастайтындарын ескертті.

Кәсіподақ ұшақ экипаждары жалақысын 5 пайызға көтеруді және жұмыс шартының сақталуын талап еткен еді. Ал Lufthansa компаниясы қызметкерлерге жалақыны 3,5 пайызға көбейтудіі және біртіндеп жұмыс сағатын арттыруды ұсынған болатын. Кеше компания басшылығы уақытша келісім бойынша жұмыс істеп келген жолсеріктермен бұрынғыдан аз төлемге тұрақты еңбек шартын жасасуға келісті.

Lufthansa қызметкерлерінің ереуілі тамыз айының соңында басталған еді.
XS
SM
MD
LG