Accessibility links

Алепподағы ауыз су құбырының зақымданғаны хабарланды


Алеппо қаласының бір бөлігінің көрінісі. Сирия, 5 қыркүйек 2012 ж.

Алеппо қаласының бір бөлігінің көрінісі. Сирия, 5 қыркүйек 2012 ж.

Ұлыбританияда орналасқан Сириядағы адам құқықтарын бақылау жөніндегі ұйымның хабарлауынша, сенбі күні Алеппо қаласында көтерілісшілер мен үкімет күштері арасындағы ұрыстар салдарынан елді мекен тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін құбыр істен шыққан.

Бұл күні әл-Мидан ауданында ұрыстар болғаны айтылып отыр. Көтерілісшілер Ханандағы қару-жарақ қоймасы бар әскери базаны басып алуға әрекет жасаған.

Үкімет әскері жұма күні артиллерия және әуе күштерінің көмегімен көтерілісшілерге қарсы соққы берген.
XS
SM
MD
LG