Accessibility links

Саакашвили: Ресей «жоспары» іске аспады


Грузия президенті Михаил Саакашвили, Біріккен ұлттық қозғалыстың сайлау алдындағы кездесуі. Тбилиси. 8 қыркүйек 2012 жыл

Грузия президенті Михаил Саакашвили, Біріккен ұлттық қозғалыстың сайлау алдындағы кездесуі. Тбилиси. 8 қыркүйек 2012 жыл

"Грузия президенті Михаил Саакашвлили 1 қазанда өтетін сайлау қарсаңында Ресей Грузиядағы саяси күштердің біріне екі миллиард доллар бөліп, Грузияда дүрбелең туғызуды көздегенін, бірақ ол жоспардың тез арада жолы кесілгенін мәлімдеді" деп хабарлайды Грузия Online ақпарат агенттігіне сүйенген tengrinews.kz сайты.

«Есеп өте қарапайым: сайлауды әрі-сәрі ету, көптеген шетелдік ақпарат құралдарына пара беріп, өзіне қарату, ел ішінде қаңқу сөздер жаю, сайлаудан кейін ырың-жырыңды көбейту, грузиндерді ынтымағы жоқ халық ретінде көрсету, сөйтіп осыны күтіп отырған Ресей жоспарын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Бүгінде грузин халқы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын халық екенін көрсетіп отыр, сол себепті де дұшпан жоспары іске аспай қалды»,- деді Саакашвили.

Грузия президенті бұл мәлімдемені өткен сенбіде Тбилисидегі Спорт сарайында өтіп жатқан билік партиясының съезінде айтқан болатын.

Грузиндік басылым «Саакашвили бүгіннің өзінде осымен оныншы акцияда сөйлеп тұр, мұны даусынан да аңғаруға болады, бірақ оның ауызын жабу ешкімнің қолынан келе қоймас» деп жазады.
XS
SM
MD
LG