Accessibility links

Қызылорда облысында базар өртенді


«Қызылорда облысында базар өртенді» деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына жүгінген Tengrinews.kz. сайты.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, өрт 8 қыркүйекте Арал қаласының «Қанағат» базарында болған. "Түнгі оннан өте басталған өрт екі жарым сағат шамасында сөндірілген. Өрт сөндіруге Арал аудандық өрт сөндіру қызметінің 15 адамы мен 4 техникасы қатысқан. Шамамен 420 шаршы метрге жайылған өртттен ешкім зардап шекпеген."

Биыл тамыз айында Шымкент қаласындағы орталық «Бекжан» базары да өртенген еді. «Қасақана өртелді» деген бұл базардың сатушыларына Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджет қызметкерлерінен де «жылу» жиналған болатын.
XS
SM
MD
LG