Accessibility links

Палестиналықтар БҰҰ-дан шартты мәртебе сұрайды


Палестина жетекшісі Махмұд Аббас өз елін мемлекет ретінде мойындауды сұраған хат ұстап тұр. БҰҰ Бас ассамблеясының 66-сессиясы, Нью-Йорк, 23 қыркүйек 2011 жыл

Палестина жетекшісі Махмұд Аббас өз елін мемлекет ретінде мойындауды сұраған хат ұстап тұр. БҰҰ Бас ассамблеясының 66-сессиясы, Нью-Йорк, 23 қыркүйек 2011 жыл

Палестина автономиясының жетекшісі Махмұд Аббас 27 қыркүйекте өтетін Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясы отырысында Палестинаға «БҰҰ-ға мүшеліктен тыс мемлекет» мәртебесін беруді сұрайтынын мәлімдеді.

Аббастың сөзіне қарағанда, "палестиналықтар БҰҰ-ға мүше болу талпынысын тоқтатпайды және өздерін қолдаушы елдердің дауысына сүйене отырып «мүшеліктен тыс мемлекет» деген шартты мәндегі мәртебені иеленуді көздейді".

Өткен жылы қыркүйек айында Палестина БҰҰ Бас ассамблеясына өзін осы ұйымның мүшесі ретінде қабылдау жөнінде өтініш жасаған болатын. Алайда Палестина-Израиль қайшылығы реттелгенше бұл өтініш қанағаттандырылмайтын болған еді.
XS
SM
MD
LG