Accessibility links

Ирак: 1 күндегі 10 жарылыстан кемі 24 адам мерт болды


Террорлық жарылыстан кейінгі өрт. Ирак, Киркук қаласы, 11наурыз 2010 жыл
Террорлық жарылыстан кейінгі өрт. Ирак, Киркук қаласы, 11наурыз 2010 жыл
Бүгін, яғни жексенбіде Иракта барлығы 10 жарылыс болып, 24 адам өлді, ондаған адам жарақаттанды.

Жанкешті жасаған жарылыс пен Бағдадтан 50 шақырым жердегі Дужайлы әскери базасына жасалған қарулы топтың шабуылы нәтижесінде 11 солдат қаза болып, 7 солдат жараланды.

Ән-Насырия қаласындағы француз консулдығы маңында мина қойылған көлік жарылып, 2 адам жантәсілім етті. Сол қаладағы дәл сондай жарылыстан тағы да 2 адам өліп, үшеуі жарақат алды.

Сондай-ақ Ирактың Киркук, Самарра, Басра және Туз-Хурмато қалаларында да жарылыс болған.
XS
SM
MD
LG