Accessibility links

Әзербайжан мен Армения шахмат олимпиадасына да келісе алмайды


Жас шахматшылар бәсекесі (Көрнекілік)
Жас шахматшылар бәсекесі (Көрнекілік)
Түркияның Стамбул қаласында өткен ФИДЕ конгресі 2016 жылы дүниежүзілік шахмат Олимпиадасын Әзербайжанның Баку қаласында өткізу жөнінде шешім қабылдады. Түпкілікті шешім шыққанға дейін ФИДЕ-нің атқарушы комитеті Әзербайжаннан жарысқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті.

Әзербайжанның жастар және спорт министрі Азад Рагимов армян спортшыларына ешбір мәселесіз виза беріліп, қауіпсіздігі қамтамасыз етілетіндігіне сендірді. Vesti.az. ақпарат көзі Азад Рагимовтың: «Керек болса армян шахматшыларына арнайы күзет беріліп, мейлінше жоғары деңгейде күзетіледі. Қайда барғысы келсе де армян спортшылары қауіпсіз болады», -деп айтқанын жазады.

Алайда соған қарамастан, Армения өкілдері армян шахматшылары Әзербайжанда өтетін жарысқа бармайды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG