Accessibility links

Берлинде еврейлер мен мұсылмандар сүндеттеуді қолдап акция өткізді


Сүндеттеу рәсімі. (Көрнекі сурет).

Сүндеттеу рәсімі. (Көрнекі сурет).

Берлинде жүздеген еврей мен мұсылман Кёльн сотының баланы сүндеттеуге тыйым салу туралы шешіміне қарсы акция өткізді.

Маусымда Кёльн қаласының соты баланы діни салтпен сүндеттеу денені зақымдайды деген шешім шығарған. Ал өткен аптада Берлин қаласының билігі баланы тек дәрігерлердің сүндеттеуіне ғана рұқсат ететін жаңа ереже қабылдады. Билік осылайша иудей діни қызметкерінің баланы сүндеттеуін заңсыз деп тауып отыр.

Ереже бойынша, енді баланы сүндеттеу үшін әкесі мен анасының да жазбаша келісімі қажет. Ал дәрігерлер балаға қауіп төнетін жағдайда ата-анасына ескертуі тиіс. Бұған қоса, баланың ата-анасы операцияны діни сенім бойынша жасататынын дәлелдеуі тиіс.

Германиядағы еврейлер қауымы үкімет енгізген бұл ережелерді қабылдамай отыр.

Елде шамамен 4 мыңға тарта мұсылман, 200 мыңға жуық еврей тұрады.
XS
SM
MD
LG