Accessibility links

Патриарх: Православие шіркеуіне шабуыл жасалып жатыр


Мәскеу және Ресей патриархы Кирилл. 16 тамыз 2012 жыл.

Мәскеу және Ресей патриархы Кирилл. 16 тамыз 2012 жыл.

Мәскеу және Ресей патриархы Кирилл "орыс православие шіркеуі мен оның құндылықтарына шабуыл жасалып жатыр" деп мәлімдеді. Бұл туралы ол жексенбіде Мәскеудің Құтқарушы Ғайса шіркеуінде 1812 жылғы Бородино шайқасына арналған діни рәсімде сөйлеген сөзінде айтты.

Патриарх Кирилл "бұдан 200 жыл бұрынғы Наполеонға қарсы күрес құдайға тіл тигізу мен діни сенімді қорлау көбейіп тұрған қазіргі Ресей үшін сабақ болып отыр" деді. Бірақ ол Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында Владимир Путинге қарсы ән салған Pussy Riot панк тобының әншілері туралы ештеңе айтпады.

Путинге қарсы ән салған панк топтың үш әншісі тамыз айында «діни араздық негізінде бұзақылық жасады» деген айыппен екі жылға бас бостандықтарынан айырылған еді.
XS
SM
MD
LG