Accessibility links

Ирактың 13 қаласындағы жарылыстардан 100 адам қаза тапты


Киркук қаласында мешітте болған жарылыс. Ирак, 7 қыркүйек 2012 жыл.
Киркук қаласында мешітте болған жарылыс. Ирак, 7 қыркүйек 2012 жыл.
Иракта жексенбіде болған бірнеше жарылыс пен шабуылдан қаза тапқандар саны 100 адамға жетті.

Кеше Ирак соты елден қашып кеткен бұрынғы вице-президент Тарик әл-Хашемиді сырттай өлім жазасына кескен соң 13 қалада теракті болған. Бағдадтың өзінде шииттер тұратын 6 ауданда жарылыстар болды.

Исламның сүнниттік бағытын ұстанатын Тарик әл-Хашеми "өлім эскадронын құрды" деген айып тағылып, сырттай өлім жазасына кесілді. Ол өткен жылы желтоқсанда өзін тұтқындауға ордер берілген соң елден қашып кеткен.

Шииттер басқаратын Ирак үкіметі Хашемиді 2005-2011 жылдар аралығындағы терактілерді ұйымдастырды деп айыптаған. Бірақ ол өзіне тағылған айыпты мойындамай, "қылмыстық іс сүнниттерді қудалау үшін қолдан жасалды" дейді.
XS
SM
MD
LG